ымен;
- газдың түрімен.
Бірсатылы (бірбөлмешікті) бәсеңдеткіштерден басқа, газ қысымының азаюы екі сатыда өтетін екісатылы (екібөлмешікті) бәсеңдеткіштер шығарылады. Мысалы: Оттегі бәсеңдеткішінде бірінші сатысында қысым 15 МПа- дан 5 МПа-ға дейін, ал екінші сатысында -5 МПа - дан жұмыс қысымына дейін азайтылады.
Екі сатылы бәсеңдеткіштер бірсатылылармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
- берілген қысымды дәлдеу ұстап тұруы;
- жұмыс процесінде газ қысымын жиі реттеуді қажет етпейді;
- төменгі температурада қатпайды.
Мұндай бәсеңдеткіштердің кемшілігі құрылымының күрделіректігі болып табылады.
Ацетилен бәсендіргіші жұмыс принципі жағынан оттегінікімен ұқсас, бірақ баллонға жалғау әдісімен өзгешелеу. Осындай айырмашылығымен басқа жанар газдарға арналған бәсеңдеткіштер де ерекшеленеді.
Әртүрлі газдарға арналған бәсеңдеткіштердің тұғырлары газ баллондары боялған түрге боялады. Өнеркәсіп бәсеңдеткіштердің әртүрлі таңбаларын шығарады: баллонға оттегінікі бірсатылы ДКМ-1-65, екісатылы ДДК-8-65 және ДКД-15-65, баллонға ацетилендікі ДАП-1-65, екісатылы ДАД-1-65, сутегі бәсеңдеткіші ДВП-1-65, пропан-бутандікі ДПП-1-65. Аргон үшін бәсеңдеткіштердің АР-10, Ар-40, АР-150 таңбалары шығарылады
3. Сабақты қорытындылау
1 Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі; 2. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау; 3 Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
4. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу
1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналаст
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>