н мақал-мәтел жасырымын, Сіздер соның жалғасын айтыңыздар.
7. Ананың сүті – бал,
( Баланың тілі- бал)
8. Әке қарап ұл өседі,-
( Анаға қарап қыз өседі)
9 . Ақыл азбайды -
( Білім тозбайды)
10. Еңбек етсең ерінбей,--
( Тояды қарның тіленбей)
12. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы. ( Ыбырай Алтынсарин)
13. Ер қанаты. (ат)
14. Түйе пірі. ( Ойсылқара)
15. Асықтың ең үлкені қалай аталады. ( сақа)
Әділқазылар алқасы бағасын бергенше әнге кезек берейік.
ІІ жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай, кезекті әнге береміз.
І жүргізуші: « Ән думан » сайысымызды бастайық. Үн таспадан фонаграмма
ойнайды. Сол әннің аттарын айту керек.
ІІ жүргізуші: Келесі сайысымыз « Қол өнер көрсету».
«Шебердің қолы ортақ ».
«Бармақтарың майысып, түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің» деп үйреткен аналар.
Қол өнерді көрейік, әділ баға берейік,
Шеберлер ою-ойып бер қолыңнан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан. -демекші, әр жұп өз қолөнерін көрсетіп, таныстырады. ( жұптар кезек-кезек қолөнерін көрсетеді)
Әділқазылар алқасы бағасын бергенше биге кезек берейік.
Алуан дыбыс шығарып ,
Оркестрден үн шалқиды
Білегі мың бұралып
Қамажайға қалқиды.
І жүргізуші: Ал сайысымыздың келесі соңғы түрі « Өнерлі өрге жүзеді » дегендей, өнерлерін көрсету.
Қазақ жұрты киелі.
Өнерліні сүйеді.
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді. -демекші келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Жұптардың өнерлерін тамашалап көрейік.
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға бе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>