Бүгінгі біздің тобымызда «Көктем аруы» атты ерке қыздарымыз өз өнерлері мен сұлулықтарын көрсетеді. Сол үшін осы кешімізді «Ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті аяулы аналар мен сымбатты қыздар! Біз осы кешті пайдалана отырып, алда келе жатқан көктемнің бірінші мерекесі 8 наурыз әйел-қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге өмірдің шаттығын, күннің шапағатын тілейміз. Әрқашан осы балаларыңызбен бақытты өмір кешіңіздер!
Біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Сайыс мақсаты:
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Көрнекіліктері: Шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, құттықтау қағаздары, мадақтамалар.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.