Баланың өзін-өзі тануы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Баланың өзін-өзі тануы.
Баланың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген болмысының қалыптасуын зерттегенде бала өзін өзгелермен салыстырғанда ғана, өзін-өзі танитыны байқалды. Мұндай тоқтамға балалардың өзіндік сана-сезімінің дамуын бақылағанда нақтылауға көз жеткіздік. Баланың заттарды өзгерту ойын үстіндегі құрастыру, бұзу, біріктіру, өзгерту әрекеттері кезінде өзіндік сана-сезімінің жетілуі дамиды. Оның үлкен мәні бар.
Ал баланың жеке тұлға ретінде өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына оның құрдастарымен үнемі араласуы және бірге болуы шешуші рөл атқарады. Өйткені бала басқа балалар: қалай жазады, қалай санайды, қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, жіптен қалай секіреді, суретті қалай салады,бір-бірімен қалай сөйлеседі және ересектер мен құрбы-құрдастары, үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады деген әрекеттердің бәріне өте қырағылықпен үңіледі. Сондайда өз басының жеке қасиеттерін, өз табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзге балалардың да іс әрекетімен үнемі еріксіз салыстырады да өзін-өзі бағалап, тани бастайды. Бірақ баланың өзін бағалауы жеткілікті деуге келмейді, өз бағасы оған тәрбиешінің қатынасының әсерімен пайда болады. Өзіне деген қатынастар баланың жеке бастың талаптану деңгейіне байланысты деп жүрген тұрғыда көрінеді.
Әдетте баланың өзіне мұндай қатынас, яғни көтермелеген, адекватты немесе төмендетілген өзіне деген бағасы мектепке дейінгі жаста-ақ қалыптаса бастайды. Демек, өзіндік баға балаға ата-аналар мен тәрбиешілер тарапынан болатын, әрі өзі көріп жүрген қатынастардың нәтижесі ретінде қалыптасады.
Баланың өзін көрсетуге барынша ұмтылуы, оның «мені», өз қасиеттеріне зор ынта қоюы жиі байқалады. Балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайтала

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: