зқарасы қалыптаса бастайды. Сондықтан тәрбиешілер мына міндеттерді шешу мүмкіндіктеріне ие болуы керек:
Баланың өзі жайында көз қарасының қалыптасуы.
Балада «мен», «өзім» деген өзіндік түсініктерінің (өзіндік қабылдау және өзіндік бақылау) қалыптасуы.
«Қоршаған орта» және «өзіне» деген жағымды қатынастарды дамыту. Өзіне, өзінің күш жігеріне деген сүйіспеншілігін, сенімділігін білу.
Қоршаған ортамен бірге қарым-қатынаста болғанда адамдарға қамқор болу, шыдамдылық, ұқыптылық сапаларын байыту.
Балалардың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген бейнесінің қалыптасуы көптеген жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен тәрбиеге байланысты.
Сол себепті бұл мәселеге тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі орасан зор болғандықтан өте сезімталдықпен мән бере қарағандары абзал.
35 «Балдырған» бөбекжайы
Ата-аналармен әңгіме:
« Баланың өзін-өзі тануы»
Дайындаған: 2 ІІ кіші топ тәрбиешісі: Дюсенова С. О.
Ақтау қаласы
2016-2017 оқу жылы
Страницы: << < 1 | 2 | 3