Баланы тәрбиесіндегі технологиялар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Баланы тәрбиесіндегі технологиялар


Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт - бағдармен, тыныс - тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез - келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата - анасына берілген тәлім - тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс - әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан - жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
"Ойын" технологиясының мақсаты - оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Ойын арқылы оқыту технологиясы - балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі.
Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: "Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады". Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңындағылармен қарым - қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагон

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: