Баланы тәрбиесіндегі технологиялар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ы да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. . Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: "Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық"- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

"Ұлттық қазақ ойындары: "Қыз қуу", "Орамал тастау, "Асықтар", "Бәйге" ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: "Қуыршаққа қонаққа бару", "Мен кіммін", "Қуыршақты киіндіреміз", "Шарбақты құрастыру", "Көлемі бойынша қой" деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымның тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: