Ақмола облысы.
Қорғалжын ауданы.
Қорғалжын ауылының
Мемекеттік мекемесі "Балауса" балабақшасының
әдіскері Мусабаева Кульзайраш Жуматаевна
Баланың сөйлеу тілінің кемістігі.
Мектепке жасына дейінгі балалардың сөйдеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез -- құлқына әсер етеді. Сөйлеу тілінің кемістігі баланың келешекете мектепте үлгерімі нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайы болмасын анықтап, қиындап кетпей тұрғанда ерте жастан бастап жою керек. Сөйлеуді дамытуда баланың байланыстырып сөйлеуге үйрету де келесі мәселелерге баса назар аударылады. Бала оқылған шығармалардың мазмұнын жүйелі баяндауға, сурет бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын нақты және түсінікті жеткізе білуге дағдыланады. Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарын жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыру қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсатының бірі- балалардың сөйлеуді дамыту, әсіресе сөйлеу тілінің бұзылған балаларға. Сөйлеу патологиясы алдағы оқу үдерісіне әсер етеді және бағдарламада қарастырылған материалдарды игеруге кедергі болады.
Сөздің дыбыстық құрамын тексеруде: мектепке дейінгі балалардың дыбыс қолдануда жиі кездесетін кемшіліктер-сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру,не дыбыс алмастыру. Балалар айтуға қиналатын-р;д;с;ш;ж;з;б;п;ф дыбыстарының айтылуына өте мән берген дұрыс. Баланың сөйлеу қарқыны, екпіні,мәнері тәрбиешінің назарынан тыс қалмауы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу арқылы ой-өрісін,тілін, танымдылық қабілетін арттыру,ойын арқылы игерілетін оқу іс-әреке
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>