Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

тұрайық, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)
2, 3, 4 - алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
35. Оң қолымда бес саусақ, (мәтінге сәйкес саусақтарды көрсету)
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
36. Орнымыздан тұрамыз (орындарынан тұру)
Екі қолды созамыз (қолдарын екі жаққа сермеп)
Құс боп қанат қағамыз (құстың қанаттарын келтіру)
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табамыз
37. Тауық, тауық тұрады - қыт - қыт- қыт (тәрбиешінің басында тауықтың атрибуты)
Серуенге шығады қыт-қыт-қыт
Балапандар тізіліп - шиқ- шиқ - шиқ (балаларда балапандардың атрибуты)
Артына еріп тұрады (бірінің артынан бірі тізіліп тұрып, қимылдар көрсетеді)
Балапандар тыңдайды
Алысқа бармаңдар
Дәндерді теріңдер
Шиқ - шиқ - шиқ
38. Үлкен шеңбер құрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар)
Құсша қанат қағайық
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып біз алайық
39. Алақай-ау алақай (орындарынан тұру)
Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу)
Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау)
Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу)
40. Үлкен шеңбер құрайық (шеңберге тұру)
Қазша қанат қағайық (қолдарын жайып көтеріп, түсіру)
Аққуша мойнымызды созайық (мойындарын оңға, солға созу)
Құсша жерге қонайық (қолдарын түсіріп, жай тұру)
Үлкен үйді жасайық
41. Екі қолды жоғары (мәтінге сәйкес іс-қимылдар көрсету)
Сәл көтерсек болады
Енді оны бөгелмей
Түсірейік төменге
Міне былай . . .
Қарайық
Құстай қанат қағайық
1,2
1,2
Жаттығайық бір келк

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: