Су дегенің осы
26. Айнаға қараймын (сол қолында айна, оң қолында тарақ бар екенін көрсету)
Шашымды тараймын. (шаштарын тарау)
Бақытты боламын, (үсті бастарын көрсету)
Сымбатты боламын.
Әрқаша тазамын,
Бәрiнен озамын.
27. Бір - таңертең тұр (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Екі - шынығып бекі
Үш - тазала тіс
Төрт - сабындап жу бет
Бес - сүртін тез
Алты - үйді жина
Жеті - киін енді
28. Гүлдеріміз қызғалдақ (орындарынан тұру)
Ашылады әдемі-ақ (қолдарымен гүлді көрсету)
Желмен бірге шайқалып (жеңіл теңселіп)
Мұрынға жақын апарып (гүлді иіскеу қимылын көрсету)
Бір искейік тамсана
Хош иісі тамаша
29. Теңселеді ағаштар (орындарынан тұру)
Алдымнан жел еседі (қолдарынан ұстап теңселу)
Кіп - кішкентай бөбектер (жүресінен отыру)
Үп - үлкен боп өседі (тұрып қолдарын көтеріп, бойларын көрсету)
30. Ағаштар шайқалып (орындарынан тұру)
Желменен билейді (ағаш секілді теңселу)
Басылса жел енді (ақырын отырады)
Тыныштық енеді
31. Тербеледі ағаштар, (оңға, солға тербелу)
Алдымнан жел еседі. (екі қолдарымен беттерін жуу)
Кіп-кішкентай бөбектер (жүресінен отыру)
Үлкен болып өседі. (қолдарын көтеріп, тұру)
32. Оң қолымда - бес саусақ (оң қолды созып, саусақты көрсету)
Сол қолымда - бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Беске, бесті қосқанда (екі қолды біріктіру)
Болады екен он саусақ (он саусақ көрсету)
33. Қане, қайсы алақан, (орындарынан тұру)
Біз - кішкентай. (балапан) (алақандарын көрсету)
Аралардың нәрі (гүлдің қимылын көрсету)
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте, (ағаштай бір орында теңселу)
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)
34. Бір дегенде
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>