Балабақшадағы сергіту сәттері және саусақ ойындары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МҚКК "Ақсу қаласының С. Торайғыров атындағы 12 балабақшасы"
Балабақшадағы
сергіту сәттері және
саусақ ойындар жинағы


Құрастырғандар
қазақ тілі мұғалімдері
Тілегенова Айгүл Оразбайқызы
Жагипарова Ақмарал Болатханқызы
2013 жыл
сергіту сәттері


1. Орнымыздан тұрайық
Аяқты нық басайық (бір орында жүру)
Бір отырып, бір тұрып (тізе бүгіп отырып, тұру)
Біз демалып алайық (орнына отыру)
2. Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қолды белге қоямыз
Иілеміз оңға бір
Иілеміз солға бір
Жоғары қолды созамыз
Аяқтың ұшында тұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып аламыз
3. Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)
Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Бәрін қоссақ - он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)
Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)
Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Екі аяқпен жүгіремін
4. Саусақтарым дем алып (орындарынан тұрып)
Қайта сурет салады (саусақтарын қимылдату)
Аяқтарым секіріп (қолдарын белге қою)
Қуаттанып қалады (орындарында секіру)
5. Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп)
Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету)
Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату)
Былай, былай ойнат
6. Біз аяқпен топылдаймыз (мәтінге сәйкес іс-қимыл жасату)
Біз қолмен шапалақтаймыз
Баспен біз шайқаймыз
Қолды жоғары көтереміз
Одан кейін түсіреміз
Одан кейін ақырын
Орнымызға жүгіреміз

7. Кәнеки, оң аяқ (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)
Бір адым алға бас
Кәнеки сол аяқ
Шырағым алға бас
Оң аяқ, сол аяқ
Сол аяқ, оң аяқ
Сол аяқ, оң аяқ
Қарашы оңай-ақ
8. Кәне шеңбер құрамыз (мәті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: