Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Петропавл қаласы " 26 мектеп-балабақша" КММ
Қазақ тілі мұғалімі Арықова Ғалия Тұяққызы

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын

Қазақ тілі -- ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы -- баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі" демекші, менің парызым -- балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту "Біз мектепке барамыз", "Зерек бала" бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік -- балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, се

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: