Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

німін оятады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын -- балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі -- балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын -- мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын -- бала үшін нағыз өмір. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Егер ойын, ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік береді. Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру -- оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын -- өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Ойында балаларды не қызықтырады? -- деген сұрақ туындайды.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері болып мынадай топтарға бөлінеді:
Дидактикалық ойындар
Сюжетті-рөлдік ойындар
Қимыл-қозғалыс ойындары
Ұлттық ойындар
Саусақ ойындары
Үстел үсті ойындары. . . . . . . . .
Ойын мазмұны мен т

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: