Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету
Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін дамыту үшін қажет. Нақты дүние заттарын тануда көру басты деп саналады, бірақ балаларда бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И. М. Сеченов: "Заттардың денелік пішінін көзге қарағанда қол басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне , сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына тигізе алудың арқасында , оны толығырақ айқындайды". Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу - балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың педогогикалық әдісі. Бұл кезеңді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.
1 кезең- бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол-жоғары нүктеден бастап төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтар мен көздің бір қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат әрдайым белгілі бір күйде тұрады(сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда қозғалыссыз тұра алады).
2 кезең- Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін саралаумен және олардың қасиеттерін айқындаумен қоса жүреді, саусақтардың қозғалысы тереңдік қатынасын өлшегендей болады және бөліктердің кеңістіктегі өзара қатынасын анықтайды.
3 кезең- заттың ең ұсақ бөліктерін көрсету және оларды формасынының , көлемінің, негізгі бөліктерге қарағанда кеңістіктегі орнын анықтау.
4 кезең- затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысы мен жоғарыдан төмен қарай көзбен шолып шығу сезімдік жолмен алынған деректерді тұтас бейнеге біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу заттың беткі жағы құрлымын саралауға да бағытталуы мүмкін. Бұл жа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: