шығып кеткенін білмей қалатын ата-ана көп. "Бәленбей деген елде балаға ескерту айтпайды, баланы тыңдау керек" деп жатады. Біз ол жаққа барып келген жоқпыз, ескерту айтпаса, бәлкім ол жақта басқа жүйе жұмыс істейтін шығар. Қазір құйтақандай баланың өзі құқығын жақсы біледі. "Сенің бүйтуге құқың жоқ" деп жатады. Өз ата-анасына солай айтқан бала, басқаға не айтпайды. Құқығын қорғаған дұрыс шығар, дегенмен, баланы орнымен еркінсіткен жөн.
Балаға сеніммен қарай отырып, әр қадамын қадағалау қажет. Шалыс баспас үшін бақылауды күшейткеніміз абзал. Ұлға да, қызға да, шалқып отырған отбасының, тапқанын бас-аяғына жеткізе алмай отырған отбасының баласына да тәртіп керек. Тәрбие мықты болмаған жерде, келеңсіздік те орын алады.
А) Ойланайық, пікірлесейік
Ә)Ситуация - жағдаяттар (Жағдаяттар талқылау)
"Екі бақа" туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. (Аңыз талданады).
1. Сізге мектептегі мұғалімдерден "Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады" деген
бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да "Біздің баланы ұрды"
деген сөз естуге тура келеді дейік . Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
2. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тым ерке, қалағаны болмаса ашуланып сіздің тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
3. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Сіз ж
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>