Бала тәрбиесіндегі ата – ана рөлі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

а-анасыз. Көпшіл, ашық, кез-келген уақытта балаңызбен тіл табыса аласыз. Балаңыздың достары көп болғанын қадағалайсыз, бала орнына өзіңізді қойып шешім қабылдайсыз. Тек бір кемшілігіңіз- қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Жүзім- сыр сақтай алатын ата-анасыз. Балаңыздың көп сөзі жоқ, іс-әрекеті баяу болғанын қалайсыз. Тыныштық пен сабырлықты ұнатасыз. Балаңызға мақсатты нақты қою мен шешім қабылдауын қадағалайсыз. Бірақ мақсатқа жету үшін балаңызға рухани күш және жағдай тудырмайсыз .
Құлпынай- қонақжай ата-анасыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Балаңыздың ешкімге тәуелді болғанын қаламайсыз, биік талғаммен өмір сүргенін қалайсыз. Бала қызығушылықтарына аса көңіл аудармайсыз.
Алма- жігерлі ата-анасыз. Балаңыздың өнерге жетелейсіз. Бос уақытыңызды отбасы мүшелерімен есте қаларлықтай етіп өткізгенді ұнатасыз. Бала тәрбиесінде аздап ескі көзқарастасыз. Балаңызды жіберген қателігіне орай үнемі жаза қолданасыз. Ескерту: жаза бала жүрегіне ауыр тимесін, себебі жек көріп кетуі мүмкін.
2-жаттығу. "Австралиялық жаңбыр" тренингі
Мақсаты: Ата-аналардың жағымсыз әсерлерін бәсеңдетуге, тыныштандыруға, эсоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдетуге бағытталады.
Жүру барысы: Ортаға шеңбер бойымен, біріміздің артымызға біріміз тұрамыз. Австралиялық жаңбырдың қандай екенін білесіздерме? Ендеше байқап көрейік қандай екенін? Шеңбер бойына менің нұсқауым бойынша қимыл қозғалыстарды жалғастырып тұрамыз.
Австралияда кенеттен күн бұлттанып, жел көтерілді. ( қолдарымызды үйкеу)
Желдің артынан жаңбыр алғашқы тамшылары сезіле бастады. (саусақпен тарсылдату)
Жаңбыр күшейіп қатты жауа бастады. (кезекпен арқасын соғу)
Нөсер одан бетер күшейіп жатыр (сандарынан қатты соғу)
Жаңбырмен бұршақ араласып жауып жатыр

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: