М. Б. Ықсанов атындағы 36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ибраимова Н. А.
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата - ана рөлі.
Сабақтың мақсаты : Қазіргі кездегі баланың дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру .
Міндеттері: ата-аналардың мектеппен ,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал - мәтелдер жазылған плакат,т. б.
Әдістері: тренинг, пікір алмасу, сұрақ-жауап, жағдаяттар талқылау, тест, психологиялық жаттығулар.
Бағдарламасы:
1. Тренинг. Мектеп психологі Мұратова Ақнұр Лесқызы
А) "Танысу " жаттығуы.
Ә) "Австралиялық жаңбыр" жаттығуы
2. "Жанұя ойыны"сергіту жаттығуы.
3. Пән мұғалімдерімен пікірлесу.
4. Бала тәрбиесіндегі ата - ана рөлі. Баяндама
Сынып жетекші Ибраимова Н. А.
А) Ойланайық, пікірлесейік
Ә)Ситуация - жағдаяттар (Жағдаяттар талқылау)
5. Ата-аналарға кеңес
6. Қорытынды
Тренинг Бағдарламасы:
Психолог сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің " Бала тәрбиесіндегі ата - ана рөлі. "
атты ашық ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі,оқу м
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>