Бала тәрбиелеудің он ережесі
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
XXI ғасыр - білімділер ғасыры. Білімділілерді баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздардың, ата-аналардың бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі", -- деген. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйетін, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашаұ тірегі бола алады.
Бала тәрбиесі - өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл - күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттілігімен ұғынылады.
Отбасы - ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында халықтың рухани - интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.
Ата - ана, педагог тәрбиені сөз арқылы немесе іс - әрекет арқылы үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойласа, ол қателікке апарып соқтырады. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз баламен бірге болмағанда да апарып соқтырады. Сіздің қалай киінетініңіз, өзгеле
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>