да болсын пайда келтіру - осының бәрі ертеңгі елдің азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін "үлгі" құрайды.
Балаңмен ойна! Яғни, балаңа қажет уақыт бөл, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым - түсініктер әлеміне бейімделіңіз.
Балаңмен бірге еңбектен! Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде оны демеп жібер. Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет, қолы бос кездері мен демалыс уақыттарында ол мектеп ұйымдастырған іс - қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.
Балаңның оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуан жолға қой! Бала өз басынан өткен тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оның өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қай - қайсысынан да қамсыздандырылған бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.
Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата - анасы алдымен әрқайсысының дарыны мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен қатар оған кез - келген адам жанұяда, ұжымда және жалпы қоғамда өзінің іс - әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет.
Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата - анасы баланың мінез - құлқын қадағалап отыруға және оның іс - қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұсқан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгілеген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.
Баладан пісіп - жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>