Бала тәрбиелеудің он ережесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

рмен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дұшпандармен қалай қарым - қатынас жасайтыныңыз, қалай газет оқитыныңыз, осы іс - әрекеттердің бәрі бала үшін өте маңызды. Сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да.
Бала ата - анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата - ананы өмірдің тірегі санайды. Ата - ана балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет екеніне сенімдерін қалыптастыру керек. Ата - ана балаға бала демей болашақ азамат ретінде қарап, тәрбиенің қалыптасқан, сана - сезімін оятатын түрлерін беруі шарт. Баламды қаршадайынан дұрыс тәрбиелеймін, бала бақытының шынайы бағбаны боламын деген ата - аналарға төмендегі "Бала тәрбиесінің он ережесі" аз да болса көмек болады деген ойдамын.

Балаңды сүй! Яғни, оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан нақақ жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.
Балаңды қорға! Яғни, оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті, егер қажет болса, жеке мүдделеріңді құрбан етіп, басыңды қатерге байлай отырып қорға.
Балаңа жақсы үлгі бол! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтардыға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй - іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған туысқандарымен және достарымен етене жақын, әрі шынайы байланыста болған отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған жанұяда өмір сүруі керек. Ата - ананың ерлі - зайыптылық адалдықты бұзуы, көреалмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: