Бала мүмкіндігі ата-ананың қолында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бала мүмкіндігі ата-ананың қолында.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бүгінгі таңда мемлекетіміздің басым бағыты ретінде айқындап берген стратегиялық бағдары бойынша, әрі Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыруға негізделген "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Жолдауына сәйкес қоғамдағы әлеуметтік қолдауды бір сәтке болсын толастатпай, балаларды білімін арттыру үшін тынбай еңбек ету парызымыз. Ал, мүмкіншілігі шектеулі кішкентай бүлдіршіндеріміз осы қоғамның мүшесі, әрі ертеңі. Сондықтан да олар еш уақытта ұстаздар назарынан тыс қалмайды. Осылайша, ұстаздардың қолдауына мұқтаж балаларды үнемі қолдап отыру тұрғысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар тізбегі тоқтамақ емес. Әсіресе отбасының қамқоры мен тәрбиесінің маңызы зор. Бұл тәрбиеде педагогпен тығыз байланыста жүргізіледі және педагог бағыт-бағдар беріп отырады.
Бала алғаш ата-анасының тәрбиесінде болады. Сол себепті ерекше тәрбиені қажет ететін баласы бар ата-аналарға арналмақ.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін түзету-баулу, өтемдік және сауықтыру функцияларын орындау өте маңызды. Бұл функциялардың басты мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік дәрежесін қалыптастыру, материалдық тәуелсіздік пен әлеуметтік бейімделуге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Дегенмен, отбасындағы мұндай функциялар кең көлемді факторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін: отбасы мүшелерінің жеке бас ерекшеліктері мен олармен қарым-қатынасы, отбасы өміріндегі кейбір жағдайлар, отбасы құрылымының бұзылуы және т. б.
Отбасының функциясы мен құрылымы өмірлік іс-әрекеттердің этаптарына тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Мүмкіндігі шектелген баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің баспалдақтарын қарастырып өтейік:
Баланың дүниеге келуі: патологиясы туралы м

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: