әлімет алу, берілген мәселені эмоционалды қабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелері мен жақын адамдарды хабардар ету.
Баланың мектепке дейінгі кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік іс-әрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру, баланы оқыту және тәрбиелеу.
Баланың мектептік шағы: мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқыту формасы туралы шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен қарым-қатынастағы ересектермен құрбы-құрдастарының арасындағы мәселелерді шешу.
Жеткіншектік жас: мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи, созылмалы ауруына дағдылану, құрбы-құрдастарының бөлектеу мәселелерін шешу, баланың болашақ кәсібін жоспарлау.
Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау.
Ата-аналық кезең: жұбайымен отбасын құру және мамандармен өзара әрекеттестік.
Әрбір адамның өмірінде отбасы маңызды рөлге ие. Ең алдымен, тұлға ретінде дамып келе жатқан бала үшін отбасының маңыздылығы зор. Ол үшін отбасы - оның әлеуметтік дәрежесіне, денсаулығының жағдайына және тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан оны жақсы көретін ең жақын адамдары. Отбасы түсініспеушілік пен аяушылық білдіре алатын, көмек қолын созатын, кез келген мәселені бірлесе шеше алатын ошақ. Дегенмен, қазіргі жағдайда бала да жағымсыз қасиеттердің дамуы мен баланың дамуына кедергі жасайтын отбасыларда кездеседі.
Баланың мінез-құлқы, өзі және өзін қоршаған орта туралы көзқарастары отбасында қалыптасады. Сондықтан, баланың ауруына отбасының түсініспеушілікпен қарауы және оның қиындықтары мен мәселелерін бірлесе шешіп отыруы - дамушы тұлғаны емдеу мен сауықтырудың маңызды факторлары.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасында ер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>