Баядилова Назгул Турсынгазиновна - бастауыш сынып мұғалімі
236 орта мектебі КММ
ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылы
Ана тілі 4 "А" сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Мақсаты:1. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақыры-
бы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
2. Оқушы ой-өрісін кеңейту,өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
3. Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаштарды күтіп баптауға үйрету.
Сабақтың түрі: сабақ-саяхат
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.
Көрнекілік: АКТ, жазушы суреті, Астананың суреттері.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
2. - балалар, бүгінгі сабақ ерекше түрде өткелі отыр.
- біздің бас қаламыз қай қала?
- Астанамыз қай қала?
-Олай болса, бүгін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз.
І. Бас қаламыз- Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Астана - Қазақстан астанасы. ( тарихына тоқталу)
Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған/ ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда "астана" деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. . Астана - ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.
oo Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек.
oo Алдымен үй тапсырмасын еске түсір
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>