Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлiнедi. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректiктi, ептiлiктi және икемдiлiктi қажет ететiн, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негiзгiлерiнiң өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбiсiнiң ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдерi бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерiн арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңiлiн көтередi, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бiзге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерiнде б. з. б. бiрiншi мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың iшiнде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңiнен тарады. Бiздiң қоғамыздағы ұлттық ойындардың негiзi, шығу тегi халқымыздың көшпелi дәстүрлі шаруашылық әрекеттерiнен бастау алады.
Бұлардың көбiсi мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершiлiкке негiзделген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейiн, - алматы: "қайнар", 1994), "Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлерi бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелiгiне, күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесiн беруге, оны батылдыққа, ептiлiкке, тапқырлыққа, күштiлiкке, тө- зiмдiлiкке , әдемi адамгершiлiк қасиеттерге баулуға бағытталған екен
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кiрпiше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота.
3. Түр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>