Қазақтың ұлттық қолөнері

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қыз балаларына арналған
"Қазақтың ұлттық қолөнері. Ою-өрнек әлемі"
факультатив сағаттарының бағдарламасына

"Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық" -дейді дана халқымыз.
Қазақ қолөнері өзінің төлтума қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі өнердің өте көне, әрі күрделі түрі-ою-өрнек өнері.
Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әрқайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек.
Қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрып салты бойынша сәлемдемені ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған.
Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері-бай мұра, сарқылмас қазына. Ою-өрнек үлгілерінен сол кезеңнің кескін-келбеті, әдет-ғұрпы, тіршілігі, тіпті көңіл- күй сезімі айқын көрінеді.
Ою-өрнек өнері қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.
6 "б" сыныбының қыз балаларына арналған "Қазақтың ұлттық қолөнері. Ою-өрнек әлемі" факультатив сағаттарының бағдарламасы аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатқа құрастырылған.
Басты мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің мәні мен мазмұнын түсіндіре отырып, қыз балаларымызға ұлттық бағытта тәрбие беру.

Міндеттері:
oo Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің шығу тарихы мен салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;
oo Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің шығу тарихи дамуы мен ерекшеліктеріне сипаттама беру;
oo Ою-өрнектің классификациясымен таныстыру;
oo Ою-өрнегінің тәрбиелік мүмкіндіктерін көрсете білу;
oo Ою-өрнекті практикалық тұрғыдан кестелеп, матаға баст

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: