сыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл жәна тағы басқалар.
Сазсырнай -- үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады.
Шаңқобыз -- қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған "Қыз зары", "Қыз ұзату", "Қыздың мұңы" әуендері мен "Шаңқобыздың толғауы" сияқты күйі де бар.
Мүйіз сырнай -- ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай -- сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран -- әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әр түрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
ІҮ. Сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс: берілген материалмен танысу
2. Домбырада "Еркем-ай"
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>