теріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра - қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап.
Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра. Домбыраның бір өзімен күй орындалады. Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады. Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды.
Бейнебаян:Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі "Адай"
Қобыз - қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Қылқобыз - қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 -- 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз - екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі - "нар қобыз". Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын -- шайтан жоламайды деп ырымдайды. (Үнтаспадан Ықыластың "Жезкиік" күйін тыңдату)
Сыбызғы - үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен басып
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>