Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары"

Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға музыкалық аспап туралы түсінік беру, қазақтың музыкалық аспаптарымен таныстыру және ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, видео, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, түгелдеу 2. Психологиялық тренинг
ІІ. Үй тапсырмасы: Музыка - халықтың рухани қазынасы
ІII. Жаңа сабақ
1. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру 2. Жаңа сабақ материалын меңгерту
Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол халықтық және кәсіби музыкалық аспаптар болып бөлінеді.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т. б. ) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы.
Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті кө

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: