л түсті алғандар бір жаққа отырады.
2. мин. Үй жұмысын тексеру: Азық түлік дүкеніңде
Жаңа сабақ: Сабақты бастамас бұрын Нястя мен Зинаның көрінісін көрейік.
2. 1 мин. Көрініс « Екі оқушының әңгімесі»
З: Қалың қалай, Настя?
Н: Жақсы, мен Америкаға кеткелі жүрмін.
З: Онда не бар?
Н: Онда бәрі күшті дейді ғой.
З: Ал, онда салыстырып көрейік.
Н: Көрсек көрейік, Америка.
З: Қазақстан.
Н: Вашингтон.
З: Астана
Н: Дональд Трамп
З: Нұрсұлтан Назарбаев
Н: Голливуд
З: Рудный
Н: Кока - кола, пепси, спрайт, фанта
З: Қымыз, шұбат, айран, сүт
Н: пицца, гамбургер, хотдог
З: ет, сорпа, қуырдақ, қазы - қарта, жал - жая
Н: кириешки, чипсы
З: бауырсақ, шелпек
Н: йогурт
З: қаймақ, кілегей, қатық
Н: сникерс, баунти
З: құрт, ірімшік, жент
Н: мерседес, тойота
З: тұлпар, ат арбасымен
Н: джинсы, кепка, кроссовки
З: шапан қалпағымен, саптама етік
Н: Зоя, мен жеңілдім. Өзіміздің тағамдар да күшті екен ғой. Мен енді ешқайда бармаймын.
Ж: Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
2 мин. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ет, сүт тағамдары» деп аталады.
Бұл тақырыпты біз жайдан - жай таңдаған жоқпыз. Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» деген мақал - мәтелдер бар. Біздің қазақ төрт түлік малды бағып, оны сауса – сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, кисе – киім етіп пайдаланған.
1. Мынау қаңдай тағам түрлері? (Ет тағамдары)
5 мин. Мәтінмен жұмыс. 28 беттегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.
5 мин. Екі топқа 6 сұрақтан құралған карочка беріледі, кейін әрқайсысы жауап береді.
1. Еттен жасалатын тағамдар.
2. Сүттен жасалатын тағамдар.
Ет тағамдары командасы.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>