Қазақстанның табиғаты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.
Білімдік : Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін арттыру;
Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Сөйлем мүшелерін қайталау.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: білім сайысы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, тірек сызбамен жұмыс,дәлелдеу
Көрнекілік материал: электрондық оқулық, суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, бүгін кім кезекші?
- . . . . .
- Ал, айта қойшы, сабақта кім жоқ?
- . . . . .
II. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Ауа - өмірің, су – қазынаң, жер – үйің, атамекенің.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Балалар, біз өткен сабағымызда табиғаттың бізді қоршаған орта және байлықтың көзі, біздің еліміздің табиғатқа бай екендігі туралы әңгіме еткен болатынбыз.
Ал, бүгінгі ашық сабағымыз Жалпы Қазақстанның табиғаты туралы болмақ.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді. Сондықтан да

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: