а шығыс өсімдіктері батысқа қарай ауысты. Соның нәтижесінде Торғай флорасы деп аталатын өсімдік жамылғысы қалыптасты. Теңіз шегініп, құрлық көлемі ұлғайғанда, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Палеоген дәуірінің ІІ-ші жартысында, теңіз суы тартылып құрғап орнына осы күнгі теңіздер пайда болды.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып қазіргі орман типтері қалыптасты, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер. Сібірден ауысып арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған.
Қазір Қазақстанда 6000-дай өсімдік түрінен тұрады. Қазақстанның 303 түрі Қызыл кітапқа енген.
Жануарлар дүниесі - дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық - зоогеографиялық ауданға кіреді. Ондағы жануарлар өсімдік жамылғысының дамуымен ұқсас.
Палеоген дәуірінде Қазақстанды субтропиктік жануарлар мекендеген. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлар түрі қырылып, қалғаны жылы жаққа ауысты.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктін солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ т. б. жатады.
Қазақстанда сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104, омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау мақсатында "Қазақстанның қызыл кітабы" құрылды.
ІV. Бекіту.
1. "Мекенін тап" ойыны, бұл ойында картадан мекенінен адасқан жануарлар мен өсімдіктерді мекеніне дұрыс қойып және олар туралы мағлұмат бер.
V. Қорытындылау.
Енді қорыта келсек:
"Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ!"
Деп, халықтың ақындары жырлағандай табиғатты аялайық.
Енді оқушылар "Білемін, үйрендім, үйренгім келеді&quo
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>