аш зерттеген ғалым?
Ж: В. В. Докучаев
Екінші топтың сұрағы:
1. Топырақты қандай ғылым саласы зерттейді?
Ж: топырақтану
2. Палеогеографтардың зерттеуі бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты қашан пайда болды?
Ж: 500 млн. жыл бұрын
3. Топырақ құрылымына қарай қаншаға бөлінеді?
Ж: екіге, құрылымды, құрылымы жоқ
4. Қазақстанның топырағы қанша зонаға бөлінеді?
Ж: үш
5. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғат апаттары?
Ж: су және жел эрозиясы
ІІІ. Жаңа сабақ.
"Орманды анасыдай аңдар сүйіп,
Қойнында мекендеген марал - киік,
Тамаша табиғаттың сән байлығы
Тұр екен алақанға сыйып", дей келе бүгінгі жаңа тақырыбымыз:
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысамыз.
Сабақты бастамас бұрын, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақырыпты жазып, тақтадағы БҮҮ кестесін сызыңдар. "Білемін" бөлімін өздерің жазасыңдар, яғни бүгінгі тақырып бойынша не білесіңдер соны жазыңдар, ал "үйрендім, үйренгім келеді" жаңа сабақ барысында жазасыңдар.
Білемін
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Қазақстанның өсімдіктер жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Бұл теңіз Қазақстанға қараған жерді екіге бөлген.
Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негінен жалпақ жапырақтылар мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тарады. Ал батысқа қарай Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем Үстірті мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыды.
Неогенде су тартылғаннан кейін екі жағы қосылды. Осы уақытт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>