Қазақстанның елордасы - Астана

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Титов атындағы 20 мектеп-гимназия







Сабақтың тақырыбы: "Астана - арман қала"



дайындаған: Сахова Ажар



2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: "Астана - арман қала"
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту,мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір - біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут): Оқушылар дөңгелене тұрып,
"Шаттық шеңберін" құрады да бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) (Қазақстан Республикасының Рәміздері) "Өрмекші торы" әдісмен үй тапсырмасын сұрау.
Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
oo Мемлекеттің әнұранның авторлары кімдер?
oo ҚР мемлекеттік туының түсі қандай?
oo Елтаңбада нелер бейнеленген?
oo Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі?
oo Туымыздағы қыран бүркіт ненің символы?
oo Елтаңба авторларын ата
oo Ту авторларын ата
oo Әнұранның қайырмасын орындап бер
Қазақстан республикасының рәміздері суреттерінің негізінде
(Ту, Елтаңба, Әнұран сөздері) 3топқа бөлу.
"Ой шақыру".
- Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударып, Жүгінісовтер отбасының орындауындағы әнді тыңдайық!
oo Ән қай қала туралы?
oo Астана туралы не білесіңдер?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: