Қазақстанның елордасы - Астана

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

uot;.
Астана победила по всем параметрам 12 городов мира в конкурсе проведенном в Бразилии

2-аялдама. "Бәйтерек"
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында "Астана-Бәйтерек" монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр.
2-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, септік, тәуелдік жалғауларын анықтау.
1. Астана - Қазақстан Республикасының елордасы.
2. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы шақырымды алып жатыр
3. Астанада 808429 адам тұрады (1-қараша, 2013 жыл)
4. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алқабында орналасқан.
3-аялдама "Пирамида"
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр.
3-тапсырма
Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, "Идеялар себетіне" салады.
Кезекпен сұраққа жауап береді.
4-аялдама "Ақ Орда"
"Ақ Орда" Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасау.
Тапсырма: ғимарат, ескерткіш, болашақ сөздерін септеу
5- аялдама "Думан"
"Думан" ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, "Джунгли" аттракционы,боулинг, көпфункционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Дарынды оқушылармен жұмыс
Тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
сарайының, уақыттары, тұрғындарды.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: