6-аялдама "Хан шатыры"
Ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, Астана туралы постер жасау, оны қорғау.
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
Сабақты қорыту. " Cиқырлы сандық". Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Қ. Р тұңғыш президенті кім?
5. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл?
6. Бір сөзбен ата. Әнұран,елтаңба,ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
8. Астанаға қандай тілек айтасың?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан,қаласы,Солтүстік, аймағында.
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?
Бағалау. Оқушыларды жинаған асықтары негізінде бағалау
Үй тапсырмасы: Эссе жазу. "Астана - арман қала"
Страницы: << < 2 | 3 | 4