ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек,- Президент. (9)
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында деген еңбегінде негізінен түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында түрлі діндердің болғанын айтқан. (6) Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.
Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары (10) бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қаб

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: