ылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да. (10)
Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен десе, ал кейбіреулер ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең (11) Себебі ол бүкіл ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық, шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге, ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. Қос азаматтық, Қос тілдік деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс.
Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та.
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың Төрт ана деген өлеңінде былай деген:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасын
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>