өзіміздің мемлектіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.
Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз (. 273)
Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: Біз қайдан шықтық?, Біз кімміз?, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?,Сол дәуірде не жоғалттық?, Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен , жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз? т. б. сұрақтарға жауапты осы институт қабырғасында дәріс беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде жауаптар беру керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін қатарлары сиреп бара жатқан тарихтың тірі куәгерлерімен кездесіп, солардан дәріс алу баршамыздың міндетіміз. Мәселен, ортамызда жүрген, кешегі Отан соғысын бастан аяқ атқарған, Даңқ орденінің иегері, ұстаз-профессор Шәбден Әділұлы. Немесе қаламыздың белгілі азаматы, екі дүркін Даңқ ордендерімен марапатталған Сраил Керімбаев, Отан соғысының ардагері, тарих ғылымының докторы, профессор Көкіш Рыспаев т. б. соғыс ардагерлерімен кездесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап іздеу жалапы болашақ ұстаздардың міндеті.
Тарихты кітаптан оқу өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі.
Жеңістің 60 жылдығына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі соғыс ардагерлері де өмірден өтеді. Біз осылардың куәсіміз. Соғыс ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады?
Соғыс ардагерлеріне мем
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>