лық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн"- деген сөзі бар.
Тарихты кітаптан оқу өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды. Бұл да қазақстандық патриотизмнің негізі.
Жеңістің 70 жылдығына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі соғыс ардагерлері де өмірден өтеді. Біз осылардың куәсіміз. Соғыс ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады?Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде.
Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология дегеніміз - Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ, "Идеология (идея және логия) таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы. "
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде", "Тарих толқынында" деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>