ін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. "Патриотизм"-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:
"Туған жерге туың тік".
"Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне".
"Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас" (1) т. б. болып кете береді.
Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.
Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.
Төле Би:
"Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол".
Майқы Би:
"Бірлік түбі береке,
Береке түбі мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ойлаңдар".
Қазыбек Би:
"Алтын ұяң-атаң қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың-әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат".
Әйтеке Би:
"Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,
Біз үш жүз керіспейік, келісейік". (2) Би-шешендер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>