"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ -- ЕЛІМІЗДІҢ НЫҚ ДАМУЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ"
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Қазыбек би
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, т. б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би "Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі" деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.
Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде "қазақстандық патриотизмді" қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.
Н. Назарбаев: "Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. . . Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- дейді.
Ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм" деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кей
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>