Қазақстан - тәуелсіз ел

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

r/>Сақтайық деп тілмен, дінді басқадан,
Барша қазақ мен сендерге жар салам.
4-бала:
Ұлан-байтақ неткен жер!
Дәнді дақыл еккен жер.
Жеттік міне арманға,
Қазақстан-Ерікті ел.

Жүргізуші:Жарайсыңдар, балалар, ал енді біздін мемлекеттік рәміздерімізді білесіңдер ме, кәне кім айтады?
Бала: мемлекеттік ту,мемлекеттік елтаңба,мемлекекеттік әнұран.
Жүргізуші:ендеше рәміздерге арналған өлең жолдарын балалар ортаға шығып айтып берсін.
5-бала:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат,әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада-аспан әлемі,
Құт -береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден,
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
6-бала:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
7-бала:
Бақыт тірлік күй тарабы,
Тоқталмайды жыр мәңгі,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республиканың әнұраны.
Жүргізуші: Балалар, біз рәміздерімізді құрметтеуіміз керек. Әнұранымыздың әнін кім жазды? Сөзін кімдер жазды?
Балалар:Әнін жазған Ш. Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов,Н. Назарбаев.
Жүргізуші: Ендіше ортаға шығып, Қазақстан Республикасының Гимнін орындайык. Жақсы балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Жүргізуші: Балалар сендер, қандай қазақ батырларын білесіңдер?
Балалар: Алпамыс батыр, Ертарғын батыр, Қабанбай батыр, Райымбек батыр.
Жүргізуші: Батырларымыз жер үшін,ел үшін аянбай тер төкті. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақ біздер мен сіздер қол жеткіздік. Ал енді қазақ халқының өткен өмірі мен тарихынан алынған балалардың дайындаған көрінісіне назар аударайық.
Көрініс :Әкесі мен баласының диалогы;
Мазмұны: Қазақ хандары мен батырларының елін,жерін қорғағаны туралы үзінді, қазақ жерін қорғаған балаларымызды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: