Тақырыбы: "Қазақстан- тәуелсіз ел"
Мақсаты:
1. Балаларға тәуелсіздік туралы мағлұмат беру.
2. Туған жерін,елін сүюге,ел рәміздерінің тарихын білуге, қастерлеуге үйрету.
3. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыканың ырғағымен балалар қолдарына жалауша,орамалдарын ұстап түрлі қимылдар жасап кіреді.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, тәуелсіз елдің ұрпақтары, сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен шын жүректен кұтықтаймын!. Тәуелсіз мемлекетіміздін желбіреген көк тудын астында бейбіт өмір сүре берулерінізге тілектеспін. Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған "Қазақстан - тәуелсіз ел" атты тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастайық.
Жүргізуші: Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Жүргізуші: Балалар Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар :Тәуелсіз мемлекет.
Жүргізуші:Балалар, біз бүгін 16-желтоқсан күнін еліміздің Тәуелсіздік мерекесін тойлағалы отырмыз. Балалар сендер тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіндер?
Балалар: Тәуелсіз болу деген, ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз.
. Жүргізуші: Біздін егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанымызға биыл 26 жыл толады. Тәуелсіздікке арналған тапақтарымызды ортаға шығып айтып берейік.
1 -бала:
Туған жерге нұр шашып, жарық берген,
Қуанышпен мол бақыт алып келген.
Он алтыншы желтоқсан шуақ болып.
Тәуелсіздік еліме алып келген.
2-бала:
Он алтыншы желтоксан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалын жұрт,
Бәрін кешті басынан.
3-бала:
Еркін елміз азаттықты ансаған,
Тәулсіздік тәубе деймін мен саған,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>