Пойма бастауыш мектебі
Орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ. 4б сыныбы
Дайындаған: Айткалиева Ж. А.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: дұрыс, бұрыс, емес сөздерінің қолданысын меңгерту; оларды ауызекі және жазба тілде пайдалану жолдарын түсіндіру; Тудағы символикалардың мәнін ашу.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту; оларды ауызекі тілде қолдана отырып, қазақша сөйлей/сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, оқыту, аудару, жазу, ойлау, жаттау, сөйлесу.
Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, автопортреттер, тірек-сызбалар, сөздік және өлең жазылған плакат.
Түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу: -Сәлеметсіңдер ме?! (Сәлеметсіз бе?!)
ә) Түгелдеу.
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Бүгін қазанның нешесі? (Қазанның жиырма екісі)
- Аптаның қай күні? (Сейсенбі)
- Сабақта кімдер жоқ?
б) Ауызекі сөйлесу.
oo Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
oo Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)
oo Мемлекетіміздің елбасысы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
oo Мемлекетіміздің елордасы қай қала? (Астана)
oo Еліміздің мемлекеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)
oo Ал ресми тілі қандай? (орыс тілі)
oo Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақ, орыс, татар, өзбек, ұйғыр, кәріс, түрік, беларус, украин, неміс, т. б. )
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>