Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

oo Ал олардың барлығы қай тілде сөйлеседі? (орыс тілінде)
oo ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қандай? (елтаңба, ту, әнұран)
oo Өткен сабақта басты рәміздердің бірі әнұран жайында тақырып болды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (1-жаттығу, 36 бет)
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру:
oo Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы, 7 қаңтар)
oo Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
oo Ал әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов).
oo Жақсы, балалар бүгін басты рәміздеріміздің бірі - ту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме. Тыңдалым.
ҚР-ның Мемлекеттік Туының ресми бекітілген анықтамасымен таныстыру:
ҚР Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.
Аспан - көк түс - қазақтың ұлттық бояуының реңі.
Жан жылуы, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ашықтық пен адалдық, жақсылыққа сену тәрізді ұлттың менталитетін құрайтын қасиеттер де аспан көк түске байланысты образдар бойына қапысыз сіңірілген. Мемлекеттік тудың түсі геральдика тілінде Қазақстанның жер шарының күн шығысында орналасқандығына, тамыры тереңде жатқан Шығыс мәдениетінің өкілі екендігін мегзейді.
Күн образы - байлық пен берекенің белгісі, нағыз өмір символы.
Қыран - бүркіт бейнесінің нышандық мәні бақыт пен берекеге, өркениет биіктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.
Қазақ ою-өрнектерінің пішімі мен түр-түсі, бүкіл болмысы халықтың өмірге деген көзқарасын, өршіл рухын, поэтикалық танымын танытады.
Ал

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: