бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: -- Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
7 -- 8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Өмір, дүние дегенің, ағып жатқан су екен. . .
Білімділік:
Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы уақыт жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында екпінді меңгерту.
Дамытушылық:
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпқа қатысты атауларды меңгерту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында уақытты жоспарлауға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Абай өмірі жайлы ақпарат бере алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Дүние, толғандырды, әсершіл, ержеткен, әнмен әлдиленген, өсиет, кеш сермеу, күресу.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, Абай Құнанбаевтың суреті, "Абай Құнанбаев" туралы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, "Көңіл-күйді анықтау" тренингі, "Төрт сөйлем" тәсілі, диалог, ойталқы, эссе, "Шағын шолу" тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құр
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>