1-тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -- қазақ тілін оқып үйренеміз. Үштілді білу -- үлкен өнер
1 -- 2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Көп тіл білгім келеді.
Білімділік:
Қазақша сипаттау мәтіндер арқылы көп тілді меңгеруге қатысты ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында көмекші есімдерді меңгерту.
Дамытушылық:
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушы- лардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат бере алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
Жаңа сөздер:
Шет тілдері, тіл үйрену курстары, тілдік деңгей, белсенді сөздер.
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, плакат, маркерлер, "Мем- лекеттік тілі -- менің тілім" бейнебаяны, кесте, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, "Шаттық шеңбері" тренингі, "Ой шақыру" әдісі, ассоциограмма, "Кім жылдам?" ойын, жұптық жұмыс, концептуалды кесте, "Қос шеңбер ішінде танысу" тәсілі, кластер, диалог, "Ішкі және сыртқы шеңбер" техникас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>