ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (БЭЖ) өз алдына республика тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (ЭМ) электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады.
Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тиісті тауар нарықтарында монополистік қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласында басшылықты, сонымен қатар заңнамамен көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы салааралық үйлестіру, реттеу мен бақылауды, сонымен қатар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергия өндіретін және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметтерін бақылау мен қадағалауды және басқа да атқарушылық, рұқсат беретін және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болып табылады.
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ - энергетика сал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: