ндарына тоқталсақ, 2012 жылды 2010 жылмен салыстыра қарасақ 8085 мың теңгеге кем, ал 2011 жылмен салыстырсақ 21065 мың теңгеге артық, яғни аталған шығын соңғы жылдары үнемделіп жұмсалып тұр.
Жергілікті органдар аппаратына жұмсалған шығындар жылдан-жылға 25410 мың теңгеге және 30198 мың теңгеге азайып тұр, төменгі бюджет деңгейлердегі басқару аппаратының штат құрамында қызметкерлер саны қысқартылған және басқармалар мен бөлімдер біріктірілген, сол арқылы бюджет қаражаты үнемделіп отыр.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының шығындары да 2011 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 12091 мың теңгеге және кейінгі жылдан 10182 мың теңгеге үнемделіп жұмсалған.
Облыстық маслихат аппаратына бөлінген қаражаттарға тоқталсақ, аталған шығын жылдан-жылға 3424 мың теңгеге және 1670 мың теңгеге өсіп тұр, яғни қосалқы шығындар: ғимараттарды ағымдағы жөндеу, канцелярлық, көлікті ұстау, жанар-жағармай, коммуналдық шығындарға тарифтер мен бағалардың құнына байланысты болып отыр.
Облыстық маслихат іс-әрекетін қамтамасыз етуге жұмсалған қаражаттарда жылдан-жылға 1624 мың теңгеге және 715 мың теңгеге өсіп тұр, бұл салаға жұмсалған шығындарда жоғарыда аталып өткен қосалқы шығындарға байланысты деп айтуға болады.
Өзге қызметтерге шығындар жылдан-жылға 103980 мың теңгеге және 349013 мың теңгеге өсіп тұр. Бұл аталған шығындарда негізгі шығынмен қоса, қосалқы шығындарға сәйкес деп айтуға болады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге шығындар барлығы жылдан-жылға 22847 мың теңгеге және 414043 мың теңгеге өсіп тұр, яғни Жергілікті органдар аппаратына, облыстық қаржы басқармасына шығын көп мөлшерде бөлінген соған сәйкес болып тұр.
Ал келесі кестеде Батыс Қазақстан облыстық бюджетіне бекітілген білім беру саласына шығындары бейнеленген.
Кесте-6
Страницы: << < 85 | 86 | 87 | 88 | 89 > >>