рт саласына «Азия ойындарына», «2012-Лондон» олимпиадасына қаражат бөлінгеннен болып отыр.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық 2010 жылды кейінгі жылдармен салыстырғанда 3402658 мың теңгеге және 746175 мың теңгеге артық, себебі 2010 жылы жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қызметкерлерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналып, аудандар мен ауылдарда тұрғын үйлер салынды.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге шығындар жылдан-жылға 22847 мың теңгеге және 414045 мың теңгеге өсіп тұр, яғни басқару аппаратын ұстау шығындары, оның ішінде облыстық, аудандық маслихаттар, облыстық, аудандық қаржы басқармаларына шығындар өсіп тұр.
Ауыл шаруашылық, су, орман, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғауға шығындар жылдан-жылға 2208677 мың теңгеге және 562198 мың теңгеге кеміп тұр, яғни бұл облыс бойынша аталған саланы қорғауға қоғам тарапынан оң көзқарастар болып, шығындар азайып тұр.
Көлік және коммуникация шығындары 2011 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 954084 мың теңгеге, кейінгі жылмен салыстырғанда 341492 мың теңгеге аз жұмсалған, яғни бұл салаға облыс қаржыгерлері шығынды үнемдеген.
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке шығындар жылдан-жылға 554982 мың теңгеге және 312465 мың теңгеге өсіп тұр, яғни халық пен қоғамды қорғау мақсатында шығындар мол бөлініп тұр.
Қорғаныс шығындары жылдан-жылға 12799 мың теңгеге және 12301 мың теңгеге өсіп тұр, облыс орталығындағы әскери бөлімдерді ұстауға шығындар жұмсалып отыр.
Өнеркәсіп, архитектура, құрылыс іс-әрекетіне шығындарда жылдан-жылға 48388 мың теңгеге және 29701 мың теңгеге өсіп тұр. бұл көрсеткіш облыс орталығын абаттандыру, көркейту, сәулет саласына шығындардың бөлінгенін көреміз. Ал жалпы облыс бюджетінен жұмсалатын шығындар жылдан-жылға 22645613 мың теңгеге және 4816269 мың теңгеге аз
Страницы: << < 83 | 84 | 85 | 86 | 87 > >>